26 ақпан күні Петропавл полиция басқармасының 102 нөміріне облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамның атыс жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
28 жастағы ер адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген, бірақ алған жарақатынан қайтыс болған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі "Адам өлтiру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажетті бірнеше сараптамалар тағайындалған. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Күдікті Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.