«Digital Almaty» форумының пленарлық отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдегі интернеттің сапасын жақсарту мәселесін қозғады.Үкімет басшысы былтыр Қазақстанда «қолжетімді интернет» ұлттық жобасы қабылданғанын жеткізді, де хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап.
- Еліміздің 20 қаласына 5G интернет желісі іске қосылды. Оны қазір 2 млн астам адам пайдаланады. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының басты ерекшелігі - 2027 жылға дейін елімізді 100 пайыз қамту. Сондай-ақ биыл екі мың шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеміз. Келесі жылы 8 млн астам адамды 5G интернет желісін қолданатын болады,- деді Әлихан Смайылов.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі - «Цифрлық Жібек жолы».
- Қазақстан цифрлық әлемде жаңа Жібек жолының негізгі қатысушысы болуға ұмтылуда. Көршілерімізбен бірге біз Каспий түбіндегі талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы Парсы шығанағы елдеріне оптикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету нұсқаларын қарастырып жатырмыз,- деп атап өтті Үкімет басшысы.
Еске салайық, Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелерінің пленарлық отырысы өтіп жатыр.
Оқи отырыңыз: 106 мектепте буллингке қарсы жұмыстың финдік моделі енгізіледі – Әлихан Смайылов