Ақтөбе облысында «Qnet» қаржы пирамидасына 25 азамат шағымданған

Фото видеодан алынды
Фото видеодан алынды
286 млн теңге көлеміндегі мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында «Qnet» қаржы пирамидасының филиалын ұйымдастырушы сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдіктінің 2019 жылғы қаңтар және 2022 жылғы маусымы аралығында Ақтөбе және Хромтау қалаларында халықаралық компанияның құрылымдық бөлімшесінің тәуелсіз өкілі ретінде тіркеліп, басқарғаны анықталды. Бірақ оның кәмелетке толмаған баласы барын ескере отырып, жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілген. Қаржылық мониторинг органдарына 25 азамат шағымданған, ал оларға келтірілген шығын көлем 37,5 миллион теңгеге жуық соманы құрап отыр.

– Г. Жұмағазина 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Барлық салымшылардың салымдарынан табылған 286 млн теңге көлеміндегі мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді. Қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеміз, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар 400 млн теңге залал келтірген

Новости партнеров