Көкшетауда автокөліктер заңсыз тіркелген

12.09.2023 18:28

Мемлекетке 700 млн теңге көлемінде шығын келген

Almaty.tv

Көкшетауда мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері автокөліктерді заңсыз тіркеп келген. Олардың мұндай әрекетті 2 жыл бойы жүзеге асырғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу барысында мамандардың Еуропадан әкелінген 100-ден астам автокөлік құралын тіркеу үшін жалған төлем құжатын берген. Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 700 млн теңге көлемінде шығын келген.

– Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және сот күдікті адамдарды қамауға санкция берді. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіне сай, өзге де ақпарат жария етілмейді, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында мешіттен ақша ұрлаған ер адам сотталды