Павлодар облысында мешіттен ақша ұрлаған ер адам сотталды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Қаулы заңды күшіне енді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында мешіттен ақша ұрлаған тұрғын сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, осы жылдың ақпан-мамыр айы аралығында айыпталушы Тереңкөл ауданының екі ауылынан, Шарбақты ауданы, Ақсу қаласының ауылдық жеріндегі орналасқан мешіттерден садақаға қалдырылған ақшаны бірнеше рет ұрлаған және ұсақ-түйек жымқыру әрекеттерін жасаған.

Тереңкөл аудандық сотында бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қаралған болатын. Ер адамға қатысты тағылған қылмыстар мен үкімдердің жиынтығын ескере отырып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеумен үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді.

Аталған үкіммен келіспей, азамат апелляцияға берген. Шағымда оның жазасын жеңілдетіп, бас бостандығынан айырмауды сұраған еді. Іс Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қарастырылды.

Прокурор мен жәбірленушілердің өкілдері 2023 жылғы 28 шілдедегі үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

«Тереңкөл аудандық сотында шығарылған үкімді өзгеріссіз, сотталушының апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырылды», - деліген Павлодар облысы сотының баспасөз қызметі хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Новости партнеров