Теміртауда полиция қызметкерлерін ұрған 3 тұрғын сотталды

29.08.2024 18:29

Тәртіп бұзушылар көліктің есігін ашып, полиция қызметкерлеріне қатысты балағат сөздер айтып, төбелесу үшін көліктен шығуды талап еткен

elements.envato.com

2023 жылғы 8 қазанда сағат 03:00 шамасында мас күйінде, алдын ала сөз байласа отырып әрекет еткен адамдар тобы Теміртау қаласында қызметтік автокөлікте отырған полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Тәртіп бұзушылар көліктің есігін ашып, полиция қызметкерлеріне қатысты балағат сөздер айтып, төбелесу үшін көліктен шығуды талап еткен.

ЖӘАТ (СОБР) қызметкерлері қақтығыстың алдын алуға тырысқан, алайда қылмыскерлер оларға шыны бөтелке мен пышақ қолдану жолымен дене жарақаттарын келтіріп, қызметкерлердің табельдік қаруын иемденуге оқталған, алайда ол ниеттеріне жете алмаған.

«Жасалған қылмыстың ауырлығына қарамастан, бірінші сатыдағы соттың үкімімен тек 2 кінәлі тұлға бас бостандығынан айырылып, қалған 3 адамға қатысты бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Қарағанды облысы прокуратурасының өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот 3 сотталғанға қатысты үкімді қайта қарады және «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын таңдай отырып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - деп хабарлады прокуратура.

Үкім заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз: Алматының Алмалы ауданында автобустар саны 23%-ға көбейді

Теги: теміртау