Алматыда кәсіпкерді пара беруге итермелеген күдікті ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ол өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерді пара беруге итермелеген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол өзінің делдалдық қызметін ұсынып, мәселені шешу үшін 390 мың АҚШ долларын талап еткен. Алайда кәсіп иесі алаяқтық әрекетке бой алдырмай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің көмегіне жүгінген. Күдікті ақша алу кезінде ұсталыпты.

– Аталған азаматтың тұрғылықты жерін тінту кезінде қосымша 470 мың АҚШ доллары табылды. Олардың қайдан алынғаны және ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын тағайындады. Тергеу жалғасуда, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Оқи отырыңыз: 100 мың доллар тұратын интим сурет: ер адам досын бопсалаған

Новости партнеров