Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Чехияда ұсталды

15.03.2024 17:33

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

стоп кадр

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Чехиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдіктіні бүгін Бас прокуратура, ішкі істер министрлігі Қазақстанның сыртқы істер министрлігімен бірлесе экстрадициялады.

«Ол 2021 жылдың көктемінде жәбірленушіге халық тұтынатын тауарларды Қазақстаннан Ресейге тасымалдау қызметін ұсынып, оны алдап 19 миллион теңгенің тауарын иемденген. Оны басқа тұлғаларға сатып, ақшасын жымқырды деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды», - делінген хабарламада.

2024 жылдың қаңтарында ол Чехияда ұсталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында жол апатынан 8 адам жарақат алды