Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты іс қаралды

04.01.2023 18:35

30 желтоқсанда Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталған еді

Фото:vk.com/fckairat

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында Қайрат Боранбаевқа қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайрат Боранбаев пен оның жақтастары өздеріне тағылған айыптарды мойындамады. Бүгін Астанада қамауға алынған кәсіпкерге қатысты іс кезекті рет қаралды. Айтуынша, ұсталғанға дейін ол елден қашуға әрекеттенбеген, "Qazaq Gaz" компаниясы өзінің барлық салықтық, құқықтық және аудиторлық қорытындыларын тапсырған. Ал "Азия ГазЧунджа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Qazaq Gaz" акционерлік қоғамы арасында әдеттегі азаматтық-құқықтық келісім-шарт жасалған деді. Ал өзін тек "АзияГазЧунджа" компаниясының акционері ретінде қамауға алғанын айтты Боранбаев.