Қазір күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов және басқа да күдіктілер қамауда отыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазір істі (Кәрім Мәсімовке қатысты) арнайы прокурорлар тергеп жатқан жоқ. Іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінде және ол құпиялылық грифі бойынша жүргізіліп жатыр. Сондықтан іс материалдары жариялануға жатпайды. Осы істі тергеу амалдарына қатысқан белгілі бір прокурорлар тобы бар. Атап айтқанда, тергеліп жатқан адамдардың бәрі қамауда отыр, ешкім ешқайда кеткен жоқ», - деді Әсет Шындалиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Ә. Шындалиевтің айтуынша, тәртіп бойынша күдіктілер іспен танысады. Танысқан соң, арыздарын береді. Тергеуші ол арыздарды қарап, кейін прокурорға жібереді.
ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады .
Қазір күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр. Іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа 6 қазанға, Ерғожинге 13 қазанға және Өсіповке 22 қазанға дейін ұзартылды.