3 қараша күні Қарағанды облысындағы Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапқан еді
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының шахтасындағы апатты тексеру қорытындысы 23 қарашада жарияланады. ТЖМ Юрий Ильиннің сөзінше, комиссия әлі жұмыс істеп жатыр. Нәтиже келесі аптада Қарағанды облысында өтетін арнайы брифингте айтылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір қылмыстық кодекстің «тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
«Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында апаттар жиілеп кеткенін және қайталана беретінін айтып, компанияға тексеріс жүргізуді тапсырды. Бұл мәселе біздің бақылауымызда. 23 қараша күні БАҚ-ты жинап, апатты тексеру қорытындысын жариялаймыз», – деді ҚР ТЖМ министрі Юрий Ильин.
Еске сала кетсек, 3 қараша күні Қарағанды облысындағы Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапқан еді.