|
06.11.2022 | 14:07
5169

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы бір адам көз жұмды

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары қайғылы жағдайдың мән-жайын тергеп жатыр

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы бір адам көз жұмды tengrinews.kz

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты «Қазақстан» шахтасынан қызметкердің денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, ер адамның денесі бүгін шахта аумағынан табылған.

««АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасының аумағында көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істейтін қызметкердің денесі табылды. Оқиға болған кезде жұмыскер қызметтік міндеттерін атқармаған», - деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары қайғылы жағдайдың мән-жайын тергеп жатыр.

Еске сала кетейік, 3 қарашада дәл осы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне тиесілі Ленин атындағы шахтада апат болды. Апаттан 5 кенші көз жұмды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир