|
13.03.2023 | 13:40
1663

Шымкентте 69 миллион теңгеге жуық қаражат жымқырылды

Қазір аталған іс бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Шымкентте 69 миллион теңгеге жуық қаражат жымқырылды egemen.kz

Шымкентте ұн сату кезінде 69 миллион теңгеге жуық қаражат жымқырылды. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қалалық департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аса ірі көлемде ақша ұрлау дерегі қаладағы дүкендердің бірінде әлеуметтік маңызы бар тауарларды, соның ішінде 3000 тонна бірінші сұрыптағы ұнды өткізу барысында анықталып отыр. Қазір аталған іс бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Шымкент ӘКК» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келтірілген залал сомасы 68 млн 800 мың теңгені құрады. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир