Адам саудасы: Қарағандыда балалар үйіне өткізілген бала жоғалып кеткен

22.02.2024 18:41

Баланы «Отбасылық цифрлық картада» мектепке бармайды деп көрсетілген

Қарағандыда кәмелетке толмаған баланы саудалау ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл жағдай прокурорлық тексерістен кейін белгілі болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Анықталғандай, бала «Отбасылық цифрлық картада»  мектепке бармайды деп көрсетілген. Құжат негізінде 2011 жылы Қарағанды қаласының перинаталдық орталығында туған нәресте Осакаров ауданындағы «Пионерский» балалар үйіне тапсырылған. Алайда прокуратура оның іс жүзінде жоғалып кеткенін анықтады. Он үш жыл бұрын мемлекет қарауына өткен баланың қазір қайда екені белгісіз.

– Прокуратура бұл ақпараттық шындыққа сәйкес келмейтінін, жоғалып кеткенін, қайда екені белгісіз екенін анықтады. Осакаров ауданы прокурорының нұсқауы бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 135-і бабына сәйкес, кәмелетке толмағандарды саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деді облыс прокурорының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға көмекшісі Айжан Оразбекова.

Оқи отырыңыз: СҚО-да оқушы қызды өз үйінде анасының танысы зорлаған