|
21.02.2024 | 19:26
5021

СҚО-да оқушы қызды өз үйінде анасының танысы зорлаған

Қылмыстық іс қозғалды

СҚО-да оқушы қызды өз үйінде анасының танысы зорлаған Almaty.tv

СҚО-да жаға ұстатарлық жағдай. Тайынша ауданында оқушы қызды өз үйінде анасының танысы зорлаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға осыдан 1 ай бұрын болған. Әйелдің үйінде отырыс жасағандардың бірі кәмелет жасқа толмаған қызға опасыздық көрсеткен. Ең сорақысы, жасөспірімді қаскүнемнен сақтап, қылмыстың алдын алуға болар еді. Облыстық прокуратура дерегіне сәйкес, бұған дейін жәбір көрген оқушының мектебі кәмелет жасына толмағандар жөніндегі комиссияға ішімдіктен басын алмайтын әйелді ата-ана құқығынан айыру жөнінде хат жолдаған. Комиссия өтінішті дер кезінде қолға алған. Құзырлы органдардың мәліметіне сәйкес, өңірде кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық әрекеттері 30 пайыз көбейген.

– Солтүстік Қазақстан облысының Тайыншы ауданында кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық әрекетін жасау туралы арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Тайыншы қаласының 29 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Аталған факт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады, – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы Нұрбек Баекин.

Оқи отырыңыз: Петропавлда әлеуметтік пәтерлер көктеп жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир