Кентауда оқушы пышақ жарақатынан қайтыс болды
polisia.kz
Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысында оқушылар арасындағы төбелес адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полицияға Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жас жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ол кәмелетке толмаған, жергілікті тұрғын, 10-сынып оқушысы болып шықты.
Анықталғандай, түн ортасында екі ауылдың жасөспірімдері арасында тұрмыстық негізде жанжал туындаған. Төбелес соңы адам өлімімен аяқталған. Оқиаға күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғыны анықталып, ұсталды.
Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00