Олар заңсыз тауарды Қытайға жөнелту мақсатында оңтүстік өңірге сатып отырған
Қарағанды облысында заңсыз киік атумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Браконьерлерден қызыл кітапқа енген жануарлардың 700-ден астам мүйізі тәркіленді. Олар заңсыз тауарды Қытайға жөнелту мақсатында оңтүстік өңірге сатып отырған. Мүйіздің әр келісін 100 мың теңгеге дейін бағалапты. Қазір бұған қатысты іс қозғалып, күдіктілер 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.
«Қазір полиция қызметкерлерімен 6 тінту жұмыс жүргізіліп, қылмыстық топтың 3 мүшесі ұсталып, қалған үшеуіне іздеу жарияланды. Сондай-ақ күдіктілерден таразы, пышақ, тіркелмеген қару және автомото тәркіленіп алынды», – деді Полиция департаменті КПБ бастығының орынбасары Аслан Өскенбаев.