Алматыда Дінмұхамед Қонаевты еске алу шарасы өтті

22.08.2022 20:13

Дәл осы күні Д. Қонаев музейінде жаңарған экспозиция бойынша экскурсия өтті

пресс-служба акима Алматы

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.


Еске алу күні аясында Кеңсай зиратында құран оқылып, оның қала орталығында орналасқан бюстіне гүл шоқтары қойылды. Шараға Д. Қонаевтың туыстары мен жақындары, Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаев, қоғам өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Дәл осы күні Д. Қонаев музейінде жаңарған экспозиция бойынша экскурсия өтті. Мамандар көрнекті мемлекет қайраткерінің 110-жылдық мерейтойы аясында музейді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген болатын.

Еске салсақ, оның ашылуы реставрациядан соң осы жылдың 19 сәуірінде болған еді. Аталған жұмысқа еліміздегі музей және архив саласының жетекші мамандары, дизайнерлер, мүсіншілер, суретшілер, видеоинженерлер, т.б. тартылды. Жұмыс барысында жобаның тұжырымдамасы мен эскизі Д.А. Қонаевтың Халықаралық қорымен келісіп, әзірленді.