Серік Күдебаевтың елден қашып кетуіне байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ
Қырғыз Республикасы шекарасына ресми түрде сұраныс жіберілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Серік Күдебаевтың елден қашып кетуіне байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Ол мемлекеттік шекараны ресми өткізу пункттері арқылы өтпеген. Қырғыз еліне тау арқылы жетуі мүмкін. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Оның айтуынша, қазақстандық шекарашылар құқық қорғау органдарындағы әріптестерімен бірлесіп, мемлекеттік шекарадан өтуге болатын жерлерді іздестіруді қолға алған. Сонымен қатар, Бас прокуратура Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс қозғаған.

«Серік Күдебаев мырза ресми түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен жоқ. Қазір біз Қырғыз Республикасы шекарасына ресми түрде сұраныс жібердік. Жауап әлі келген жоқ. Шекара қызметі қызметтік тексерісті бастады. Оның қанша уақыт алатыны әлі белгісіз», – деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов.

Новости партнеров