Бақытгүл Хаменова сотта күтпеген мәлімдеме жасады
Almaty.tv
Іс Атырау қалалық №2 сотында өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты басталды. Іс Атырау қалалық №2 сотында өтуде деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ірі мөлшерде пара алды» деген айыппен істі болып жатқан Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.
Бұл туралы Бақытгүл Хаменова сот барысында айтты. Ал Атырау облысы Мәдениет сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев «мен таза делдалдық қызмет атқардым» деп мәлімдеді.
«Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов пара бергенін мойындады.
Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы (Аса ірі мөлшерде пара алу) 2-бөлігі бойынша тергеліп жатқанын еске салайық.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10