Павлодарда арақ сатып алуға ақша бермегені үшін бір азамат кісі қолынан қаза тапқан. Былтыр жазда болған атышулы іске сот үкім кесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тергеу нәтижесіне сай, спирттік ішімдік сатып алмақ болған әйелдің тиын-тебен бермегені үшін бірге тұрған ер адамға пышақ салғаны анықталды. Екеуара жанжалдан жапа шеккен азамат оқиға орнында тіл тартпай кеткен.
– Бұл іс аса ауыр қылмыс санатына жатады және 15 жылға дейін бас бостандығына айыру түрінде жазаны көздейді. Кінәсін ішінара мойындағанын, сондай-ақ қылмысты масаң күйде жасағанын, қылмысының қауіпті болғанын ескере отырып, сот әйелді Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.
Оқи отырыңыз: Бала саудасы: Атырауда безбүйрек ана 8 жылға сотталды