|
13.09.2024 | 13:52
415

Әскери институтта 44 жастағы сержанттың денесі табылды

Қылмыстық іс қозғалғанын Ішкі істер министрлігі де растады

Әскери институтта 44 жастағы сержанттың денесі табылды depositphotos.com

Алматының Түрксіб ауданында орналасқан Құрлық әскерлері әскери институтында 44 жастағы офицердің денесі табылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған оқиғаға әскери институттың баспасөз қызметі түсінік берді.

Институт мәліметіне сәйкес, 1980 жылғы әскери қызметші өз-өзіне қол салған.

«Осы жылдың 12 қыркүйегінде Құрлық әскерлері әскери институтының инженерлер қалашығының аумағынан 1980 жылы туған келісімшарт бойынша еңбек ететін әскери қызметшінің мәйіті табылды. Алдын ала себеп бойынша әскери қызметші өз-өзіне қол салған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқу орнының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтаса отырып көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі», — деп хабарлады Құрлық әскерлері әскери институтының баспасөз қызметінен. 

Қылмыстық іс қозғалғанын Ішкі істер министрлігі де растады. 

«Осы факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды» дейді ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Оқи отырыңыз: Баламды қасақана өлтіруі мүмкін: Маңғыстауда көз жұмған сарбаздың әкесі әділ тергеуді талап етіп отыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир