БҚО тұрғыны полицейге пара беріп жатқан жерінен ұсталды

26.10.2021 18:52

Жалған құжат дайындаған ер адамның іс-әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Фото: total_kz

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны полицейге пара беріп жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.     

Дарьинск ауылында жалған құжат дайындаған ер адамның іс-әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылмас үшін тергеу бөлімінің басшысына 300 мың теңге және 50 доллар ақша ұсынған.  

«Аталған эпизод полиция қызметкерлерінің барлық кабинетінде орнатылған бейнебақылау камераларында тіркелді. Тергеу бөлімінің басшысы оқиға туралы дереу баянат жазып, пара берушіні ұстады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 367-ші бабы, яғни «Пара беру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.

Теги: БҚО