Алматыда есірткі тасып жүргендер ұсталды
Almaty.tv
Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының Сайран шағынауданында бейуақытта көше кезген тұрғындардан есірткі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Іс-қимылдары күмән тудырған 2 адам тәртіп сақшыларының назарына ілігіп, тексере келе, олардың есірткі тасып жүргенін анықталды.
Белгілі болғандай, күдіктілердің өздері де есірткіні қолданып көрген екен. Содан нашақорлыққа салынған болса керек. Ұсталған әйел тыйым салынған затты интернет арқылы алып отырғанын айтты. Осылайша, ақша да тапқысы келген.
Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады. Ал бұл істің артында тұрған интернет каналды полиция департаменті тергеу барысында анықтайтынын айтты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Баланың гаджетке тәуелді болып бара жатқанын қалай байқауға болады
31.10.2026 17:35