Қарағанды қаласында атыс болды

28.10.2021 18:58

Оқиға Майқұдық шағынауданында кешкі уақытта болған

Almaty.tv

Қарағандыда ер адамдар арасында жанжал туып, оқ атылған. Оқиға Майқұдық шағынауданында кешкі уақытта болған, деп хабарлайды Almaty.tv.    

Әлеуметтік желіде тараған бейнеден белгісіз біреудің тапаншадан 3 рет оқ жаудырғанын байқауға болады. Мұндай келеңсіздіктің неден туындағаны және жәбірленушінің жағдайы әлі белгісіз. Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап жатыр.  

«55 жастағы жолаушы мен 35 жастағы такси жүргізушісінің арасында келіспеушілік болған. Аталған факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.