ҰҚК Атырауда арнайы операция жүргізді: қылмыстық топты ұсталды

05.06.2020 18:58

Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту кезінде үш дана әртүрлі қару мен оқ-дәрі табылған

Фото из открытых источников

Атырау облысында адам бопсалау және қарызды өндірумен айналысатын қылмыстық топты тұтқындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Комитеттің Атырау облысы бойынша департамент қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, қылмыстық топтың 5 бірдей белсенді мүшесін ұстаған. Кейбірінің «ұрылар» идеологиясын ұстанатыны, сондай-ақ трансұлттық қылмыспен байланысты екені анықталған. Сотталушылардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде үш дана түрлі қару мен оқ-дәрілер табылды. Ұсталғандардың үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазір оларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр.