Ақтөбеде жанармай құю бекетіне шабуыл жасағандар ұсталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бекетті тонамақ болғандардың әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбедегі жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бекетті тонамақ болғандардың әрекеті сол жердегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Олар бас киімдерін түсіре киіп, бірі балғамен, екіншісі пышақпен іште жүрген қызметкерлерді қорқытып, 100 мың теңге көлемінде ақша, ұялы телефон және бірнеше қорап темекі алып кетіпті.  

«Ақтөбе облысының криминалдық полиция басқармасы мамандарының жедел іздестіру шарасы барысында екі күдікті ұсталды. Күдіктілерден ұрланған заттар тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы мүлікті тәркілеп, 10 жылға дейін бас бостадығынан айыру көздеген», – деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Новости партнеров