Алматыда үйлердің кіреберісінде қыздарды тонап келген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті – 26 жастағы А.есімді азамат кешке жалғыз өзі жүрген. Жалғыз жүрген қыздардың ізіне түсіп, ыңғайлы уақытты тауып, өміріне қауіп төндіріп тұрғанын ескертіп, олардың бағалы заттары мен зергерлік бұйымдарын ашық түрде ұрлаған.
"Ол қараңғы түскенше күткен және өзіне қарағанда әлсіз құрбанды іздеген. Бұл қарақшының әдеттегі тәсілі. Қаскөй, мысалы, үйге жұмыстан қайтып келе жатқан бейтаныс қызды жасырын түрде “шығарып салды” және кіре берісте қуып жетіп, өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асырды, яғни зорлық-зомбылық әрекеттерімен қорқытты. Ол оған кез-келген құнды нәрсені: сырғалар, шынжырлар, ұялы телефон, сағат, ақша беруді талап етті. Кейде ол жай ғана сөмкені алып қашып кететін. Қазір ол ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Айта кету керек, ұстау кезінде күдіктінің қолында жасыл сабы бар ас үй пышағы болды. Осыған ұқсас қылмыстарды бірнеше рет жасаған және бұрын сотталғандығын ескере отырып, біз басқа да әйелдердің осы адамның қолынан зардап шегуі мүмкін деп санаймыз. Сондықтан осы адамның заңсыз әрекеттерінің құрбаны болған азаматтар, бізге мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 254-40-42; 8-707-888-11-50; 8-771-456-27-93; 8-771-288-88-14; 8-708-740-50-60 немесе 102", – деді Алматы қаласы ПД Криминалдық Полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров