|
12.08.2022 | 14:01
20806

Алматыда есірткі қолданған автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдаған

15 тәулікке қамауға алынды

Алматыда есірткі қолданған автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдаған Almaty.tv

Алматыда 40 жастағы есірткі қолданған автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

№118-бағыттағы қоғамдық көлікті басқарған ер адам жол ережесін бұзғаннан кейін тәртіп сақшылары оны Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында тоқтатқан. Қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері әрекеті күдік тудырған ер адамды бірден медициналық тексеруден өткізіп, оның есірткі қолданғанын анықтаған. Қазір ол мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 15 тәулікке қамауға алынып, 8 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Ал автобус айыппұл тұрағына қойылды

«Сондай-ақ, есірткіге масаң күйдегі жүргізушіні қатарға шығаруға рұқсат берген кәсіпорынның медицина қызметкеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық  туралы Кодексінің 619-бабына сәйкес әкімшілік шара қолданылып, 150 мың теңге айыппұл салынды», – деді ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир