Ол Қазақстанға Түркиядан қайтарылған
Тау асып, елден қашқан Күдебаев ұсталды. Бұл ақпаратты Бас прокурор Берік Асылов растады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сөзіне сүйенсек, полиция департаментінің бұрынғы бастығы Қазақстанға Түркиядан қайтарылған. Қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған Серік Күдебаев қазір изоляторда жатыр. Еске салсақ, айыпталушы 3 сәуірде сотқа келмей, оған халықаралық іздеу жарияланған еді. Сол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі оның ресми түрде бекеттен өтпегенін мәлімдеді. Содан 12 сәуірде Күдебаевқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Сотталушының Бішкектен Ыстамбұлға ұшып кеткені айтылды. Кейін құзырлы орган өкілдері полиция департаментінің бұрынғы бастығы елден тау арқылы қашуы мүмкін деген нұсқаны хабарлаған болатын.