Таразда есірткі сататын сайттарды жарнамалаған күдікті қолға түсті
стоп-кадр
Ол ғимарат қабырғаларына есірткі сатушылардың байланыс нөмірлерін жазумен айналысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Тараз қаласында графити-жазба салып жүрген күдікті қолға түсті. Ол облыс орталығындағы үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына есірткі сататын сайттардың байланыс нөмірлерін жазумен айналысқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің 21 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады. Одан заттай айғақтар табылып, ол өз кінәсін мойындады.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 299-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл қылмыс үшін 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», – деді Жамбыл облысы полиция департаменті ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.09.2026 20:15