Оқиға бойынша тергеу жалғасып жатыр
СҚО-да бүтін бір отбасының өліміне қатысты тың деректер мәлім болды. Полиция жаға ұстатарлық қылмысқа қатысты тағы бір күдіктінің ұсталғанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа жыл қарсаңында Петропавлдағы шағынауданнан 3 адамның мәйіті табылып, марқұмдардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған болатын. Сол кезде тәртіп сақшылары қос сезіктінің қолға түскенін айтқан. Екі ай бұрын болған қанды оқиға бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр.
– Қылмыс жасалғаннан кейін 2 сағатта сезікті тұлғалар анықталып, абақтыға қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық сот-медициналық сараптама тағайындалып, қорытындысы шыққан соң, қылмыстық іс сотқа жолданатын болады, – деді СҚО Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов.
Оқи отырыңыз: Сарыағашта оқушылар мен мұғалімдер жаппай уланып қалды