Оқушы оқиға орнында көз жұмды
Қарағандыда 12 жастағы баланы жаяу жүргіншілер жолында көлік қағып кетті. Мектепке бет алған оқушы қатты соққыға шыдай алмай, оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы жағдай бүгін таңертең сағат 8:00 шамасында болған. Ал баланы мерт қылған жүргізушінің 50 жастағы азамат екені анықталды. Облыстық полиция департаменті аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.
– Аталған дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды аса сақ болуға және белгіленген жылдамдықты сақтауға шақырды, – деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияр.
Оқи отырыңыз: СҚО-да үш адамның өлімне қастысты тың дерек мәлім болды