Ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болған

15.02.2023 00:07

Олар қылмыстық жауапқа тартылады

elements.envato.com

Алматыда ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатып, қаржыны қалтаға басқан сәтте ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ата-ана тәртіп сақшыларының арнайы операциясы кезінде қолға түскен. Белгілі болғандай, 1998 жылғы келіншек күйеуімен бірге перзентханадан шыға сала, бірден мәміле жасауға аттанған. Олар жаңа туған шақалақты 2 млн теңгеге бағалапты. Анықталғандай, ерлі-зайыптылар сатып алушыларды алдын-ала іздеген. Олар өз кінәcін толықтай мойындады. Енді жас отбасы кәмелетке толмаған баласын саудалағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады. 

Теги: сауда сәби