Алматыда ірі көлемде дезинфекциялық заттарды заңсыз дайындағандар ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Тінту кезінде сыйымдылығы 5 литрлік 300-ден астам бөтелке табылып, тәркіленген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ірі көлемде дезинфекциялық заттарды заңсыз дайындағандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жедел іздестіру шаралары кезінде кәсіпорынның кеңсесі мен өндірістік цехы анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандары ірі көлемде «Септохим» маркалы контрафактілік заттарды сату дерегін де анықтаған. Залал сомасы 20 млн теңгеден асады. Тінту кезінде сыйымдылығы 5 литрлік 300-ден астам бөтелке табылып, тәркіленген.

«Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚМА «көлеңкелі» экономиканың үлесін азайту және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмысты алдағы уақытта да жүргізетін болады», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Новости партнеров