|
28.11.2022 | 14:11
2499

Ақтөбеде жалған полиция куәлігін сатқан ер адам ұсталды

Оның пәтерін тінту кезінде кеңсе жабдықтарынан басқа ІІМ қызметкерлерінің куәліктеріне арналған жүзден астам мұқаба тәркіленді

Ақтөбеде жалған полиция куәлігін сатқан ер адам ұсталды polisia.kz

Ақтөбеде жалған полиция куәлігін сатқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласында облыстық Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалған қызметтік куәліктерін дайындау және сату бойынша қылмыстық әрекет тоқтатылған.

"Жергілікті тұрғын компьютердің, түрлі-түсті принтердің және ламинатордың көмегімен жалған полиция куәліктерін жасап, қарапайым азаматтарға сатқан. Оның пәтерін тінту кезінде кеңсе жабдықтарынан басқа ІІМ қызметкерлерінің куәліктеріне арналған жүзден астам мұқаба тәркіленді. Күдікті жедел уәкілдің "корочкасын" сатқаннан кейін арнайы іс-шараларды өткізу кезінде ұсталды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс қозғалды, күдікті жасап, сатып үлгерген жалған қызметтік куәліктерді анықтау және тәркілеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир