Алматыда Finiko қаржы пирамидасы 300 адамды сан соқтырып кетті

17.06.2022 19:38

Қылмыстық іс бойынша 3 азамат қамауға алынды

You Tube

300 адамды орға жыққан The Finiko қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған істі қалалық прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматыдағы департаменті жүргізіп жатыр. Бұған дейін The Finiko қаржы пирамидасынан зардап шеккен салымшылардың жалпы шығыны 1,8 АҚШ доллары және одан бөлек 630 миллион теңгеден асқан еді. Аталған қаржылық ұйымның ешқандай да дүниежүзілік қор биржасына тіркелмегені мәлім болды. 

«The Finiko қаржы пирамидасына қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 217-бабымен тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу материалдарына сәйкес, қаржы пирамидасы азаматтарды тартып, олардан ақша алғандығы анықталды және ақшаның бәрі әлемдік биржада жүзеге асады деп сендірген. Қазіргі таңда бұл қылмыстық іс бойынша 3 азамат қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр», – деді Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан.