Олар 80-нен астам адамды алдап, қаржысын алған
Астанада қаржы пирамидасын құрғандар көпшіліктің 250 млн теңгесін қалтаға басқан. Қазір жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабалайды Almaty.tv.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, аталған серіктестік құрылыс материалдарын сатып алу үшін салымшылардың қаражатын тартып, 20 пайыздан 40 пайызға дейінгі мөлшерде сыйақы беруді уәде етіп, заңсыз әрекеттерді жүзеге асырған екен. Инвестицияның ең төменгі мөлшері - 200 мың теңге. Төлемдер келісімшартқа сәйкес, 25 күннен 35 күнге дейінгі мерзімде жүзеге асырылған.
– Сот бұл қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыға «үй қамауы» түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкция берді. Қазіргі уақытта 80-нен астам адам жәбірленуші ретінде танылып, оларға 250 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру кезіндегі өзге де мәлімет жария етілмейді, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Бойжеткен терезеден құлап мерт болды