Досаев ардагерлер кеңесінің төралқа отырысын өткізді

04.10.2023 19:35

Кездесуде «Белсенді ұзақ өмір сүру» бағдарламасы туралы да ақпар берілді

Almaty.tv

Бүгін қала әкімі Ерболат Досаев ардагерлер кеңесінің төралқа отырысын өткізді. Қарттар күнімен құттықтап, сөз алған шаһар басшысы әкімдік тарапынан қарияларды қамқорлыққа алуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуде «Белсенді ұзақ өмір сүру» бағдарламасы туралы да ақпар берілді. Бүгінде 50 мыңнан астам аға буынды қамтып отырған жоба аясында 10 демалыс орталығы жұмыс істеп тұр. Ал қала бойынша 1742 зейнеткерге медицина, білім беру сынды нақты бағыттар бойынша 49 мыңға жуық түрлі әлеуметтік қызмет көрсетіліп келеді. Сондай-ақ 2024 жылдан бастап қаланың 3 мыңнан аса ардагері үшін курорттық емделуге квоталар қолжетімді болмақ.

– Әрбір ауданда арнайы ардагерлік кеңесі құрылған. Сондай-ақ 700-ден астам бастауыш ұйым тіркелген. Ардагерлер ұйымында 250 мыңдай ардагер бар. Қала, аудан әкімшілігімен бірге жұмыс жасап жатырмыз, – деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов.

– Алматының әр ауданында іс-шаралар өткізіледі. Оның ішінде қарт азаматтар және жас буын кеңес өткізді. Концерттік мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды, – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.

Оқи отырыңыз: Алматыда қарт адамдарға арналған ай қалай өтеді