Қазір ол күдікті ретінде тергеліп жатыр
Алматы облысының Сарқан ауданында қоқыстан табылған баланың анасы ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазір ол күдікті ретінде тергеліп жатыр. Қоқыстан мүрдесі табылған 2017 жылғы қыз баланың анасының айтуынша, баласы сал ауруына шалдыққан және ақыл-есі кем болған.
«Баланың анасы 19 жаста. Оның айтуынша, қызы ауырып, көз жұмған. Олар ағасы екеуі келісіп, қаланың маңына жерлемек болған. Қазір аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 99-бабы, «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір аталған іс Алматы облыстық Полиция департаментінің қатаң бақылауында. Алматы облысы Сарқан ауданында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылғанын еске салайық.