Тәркіленген 475 келіге жуық есірткінің 50 келісі - синтетика
Соңғы екі айдың ішінде елімізде 430 есірткі қылмысы анықталған. Оның 285-і тауарды өткізу болса, қалған 22-сі контрабанда фактісі бойынша тіркеліп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ресми ақпарға сүйенсек, тәркіленген 475 келіге жуық есірткінің 50 келісі - синтетика. Айта кету керек, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарындағы 8 арнайы зертхана жойылды. Ал жасырын түрде наша өндірісін ұйымдастырғаны үшін ұсталғандар саны қазір 16-ға жеткен.
«Мұндай фактілерді анықтау үшін біз жұмысты ұсынатын сайттарды өз бетімізше бақылап қана қоймаймыз. Осы орайда лосындай қызметтердің танымал провайдері - ОЛХ Гроуп ЖШС өзара іс-қимыл жасау жолға қойылды. Соның арқасында ағымдағы жылы курьерлік жұмыс ұсыныстары түріндегі есірткіні жасырып кетушілерді жалдау бойынша 50 хабарландыру анықталып, жойылды. Бұл жұмыс жалғасуда», - деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірханов.