Алматыда заңсыз жолмен тасымалданған алкоголь өнімі анықталды

жедел түсірілім
жедел түсірілім
Өнім пластик ыдыста сақталып келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Ресей Федерациясынан заңсыз жолмен тасымалданған 13 мың литрден астам алкоголь өнімі анықталды. Мемлекеттік кірістер департаментінің дерегінше, ішімдік қаладағы мейрамханалардың бірінде сақталып келген. Тексеру барысында оқиға орнынан алкоголь өндіретін жасырын цех те табылды. Айта кетсек, көрші елден алынған сыраның 10 мың литрден астамы пластик ыдыста сақталып келіпті. Ал бұған ҚР заңнамасына сәйкес, тыйым салынған. Сондықтан іс құқық қорғау органдарына жолданды.

«Тексеріс кезінде контрафактілік алкоголь өнімдерін өндерітен цех анықталды. Онда арнайы құрылғы мен спирт арқылы түрлі  ішімдік дайындалған. Біз енді материалды органдарға жолдадық, сол жақта оқиғаға қатысты тиісті шешімі шығуы тиіс», – деді Мемлекеттік кірістер департаменті акциздерді әкімшіліктендіру бөлімінің басшысы Ернат Айдаров.

Новости партнеров