Алматыда қару-жарақ дүкенін тонағандар қолға түсті

25.03.2022 19:27

Сондай-ақ дүрбелеңде ыдыс-аяқ дүкенін тонаған алматылық ұсталды

Almaty.tv

Алматыда дүрбелең кезінде қару-жарақ дүкенін тонаған қос азамат қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің бірі бұған дейін де істі болған. Ұсталғандардың Алматы облысы тұрғыны екені анықталды. Сезіктілер 6 қаңтарда қару-жарақ дүкеніне басып кіріп, 5 тегіс ұңғылы мылтық пен оқ-дәрілерді, сауытты қолды қылған.

Бүгінде олардың тонаған заттары тәркіленіп, күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.  

Қару ұрлағандардан бөлек, дүрбелеңде ыдыс-аяқ дүкенін тонаған 32 жастағы алматылық ұсталды. Тәртіп сақшылары тексеру барысында заттай айғақтарды тапты. Енді бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.