Талдықорған әкімдігі 160 миллион теңгені заңсыз жұмсамақ болған

06.01.2024 19:22

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды

elements.envato.com

Жетісу облысының прокурорлары 160 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз шығындалуына жол бермеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

- Талдықорған қаласының әкімдігі жобалау-сметалық құжаттамаға аулаларды абаттандыру бойынша басқа объектілерді салу кезінде жеке құрылыс салушылар орындаған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) жүргізу бойынша шығыстарды қосқаны анықталды, - деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.

Қадағалау актісі бойынша жобалау құжаттарына көрсетілген сомалар мен жұмыстарды алып тастау арқылы түзетулер енгізілді.

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жаға ұстатар қылмыс болды