Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерлерді уәде еткен алаяқ ұсталды

16.02.2023 19:22

Қолжетімді баспананы жүзеге асыруды 31 жастағы азамат ұйымдастырған

novostrojka-anapy.ru

Алматыда алаяқ “мемлекеттік бағдарлама” бойынша пәтерлерді уәде еткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

“Қолжетімді баспананы” жүзеге асыруды 31 жастағы азамат ұйымдастырған. Оны Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстады.

"31 жастағы Б. есімді азамат, ақша табудың жоспарын ойлап тапқан. Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерлерді сату туралы ақпарат таратқан. Алдын ала төлем сомасы қолжетімді болған – 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін. Ал, тиісінше, қымбат емес баспананы алғысы келетіндер де жеткілікті болған. Бірақ ақшаны алғаннан кейін іскер азамат байланысқа шығуды тоқтатқан. Біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады және ұстады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас 10 эпизодқа қатыстылығы анықталды", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы. 

Тергеу барысында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Алданған адамдар одан да көп болуы мүмкін. Осы орайда азаматтарды осы адамның суретіне мұқият қарап, оны таныған жағдайда мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-707-447-07-50; 8-701-707-77-10; 8-747-699-70-02", – деді М.Сейсенұлы.