Ресейде кісі өлтірген қылмыскер елордада не істеп жүр

01.04.2021 19:26

33 жастағы Ресей азаматы 2011 жылы Санкт-Петербург қаласында қылмыс жасаған

ашық дереккөз

Ресейде кісі өлтірген қылмыскер елордада ұсталды. 33 жастағы Ресей азаматы 2011 жылы Санкт-Петербург қаласында қылмыс жасаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жазадан қашып жүрген ер адам 10 жыл бойы іздеуде болыпты. Соңғы жылдары Қазақстанда тұрып, жалған құжат алып, бөтен есіммен өмір сүрген. Отбасын құрып, елорда мейрамханаларының бірінде шеф аспаз болып қызмет еткен. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ұстау кезінде өзінің аты-жөнін жасыруға тырысқан. Алайда полиция оның саусақ іздерін салыстырып, күдікті екенін растады. Ол Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 111-бабы 4-бөлімі бойынша адам өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын жасады айыпталып отыр.