СҚО-да полиция ғимаратының маңынан ер адамның мәйіті табылды

29.06.2023 в 19:26

Қызметтік тексеру тағайындалды

СҚО-да полиция ғимаратының маңынан 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ғабит Мүсірепов ауданындағы мекеме жанында ер адамның асылып қалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы азаматтың жүргінші жолағымен аудандық полиция бөлімінің №2 әкімшілік ғимаратына қарай өтпек болғанын анықтады. Тәртіп сақшылары ол аумақтың күзетілмегенін және бас полиция мекемесінен 100 метр қашықтықта орналасқанын айтты. Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

– Бейнебақылау камералары арқылы ер адамның көшенің жүріс бөлігін кесіп өтіп, аудандық полиция бөлімінің № 2 әкімшілік ғимаратына қарай бет алғаны анықталды. Дәл осы жерден оның денесі табылды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған тиісті сараптамалар мен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сондай-ақ қызметтік тексеру тағайындалды, – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы Нұрбек Баекин.

Оқи отырыңыз: Кентау дәмханасында уланғандар саны 92-ге жетті