|
31.07.2024 | 14:04
74

Түркістанда 153 миллион теңге қарызы бар азамат анықталды

Көлік айыптұраққа қойылды

Түркістанда 153 миллион теңге қарызы бар азамат анықталды polisia.kz

Түркістан облысының полициясы 153 млн теңге айыппұлын төлемей жүрген азаматты анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері "Қорғау – қауіпті жүргізуші" бағдарламасы арқылы қала аумағында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізеді.

Мәселен, кезекті жұмыс күні тәртіп сақшыларына С.Қожанов көшесінің бойында 153 миллион теңге берешегі бар Ravon Nexia R3 автокөлігіне қатысты дабыл түсті.

Жүргізуші 153 миллион теңгенің 700 мыңын жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл ретінде арқалаған. Оның басым бөлігінде ақылы жол, жылдамдық арттыру, рұқсат етілмеген орынға көлік қою т.б құқық бұзушылықтар. Қалғаны банк пен алимент бойынша берешек екені расталды. Полицейлер автокөлік жүргізушісімен айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көлік айыптұраққа қойылды.

Айта кетейік, соңғы айда Түркістан облысының полициясы "Қорғау" бағдарламасының көмегімен айыппұлын төлемеген 100-ге жуық жүргізушіні анықтап, көліктерді айыптұраққа қойылған.

Оқи отырыңыз: Қонаевта ер адам автобуста жолаушыны пышақтап тастады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир