Мен қылмысты жасамадым: Ақтауда ер адам неліктен төртінші қабаттан секірді

16.09.2024 19:28

Ол өзіне пышақ сұққан

Фото видеодан алынды

Ақтауда ер адам өзіне пышақ сұғып, төртінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға қаладағы 28-шағынауданда тіркелген. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада азамат әуелі өзіне пышақ сұғып, кейіннен «қылмысты мен істеген жоқпын» деп айқайлағаны анық естіледі. Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Әзірге ер адамды суицид жасауға не итермелегені белгісіз.

– Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша сотқа дейін тергеп тексеру басталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, – деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда аттракцион істен шығып, 2 адам зардап шекті