Қарағанды қаласының орталық саябағында аттракцион істен шығып, 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Вертолет» деп аталатын ойын аппаратының кабинасы құлап, 25 жастағы келіншек пен оның 2 жастағы қызы ауыр жарақат алды. Оқиға орнына келген дәрігерлер олардың қатты соққыдан миы шайқалғанын растады. Куәгерлердің сөзінше, аттракцион иесі бірден оқиға орнына жетіп, құрылғының мамырда тексерістен өткенін мәлімдеген. Дегенмен оқыс жайт қауіпсіздік шараларының жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.
– Әйел мен бала зардап шеккен аттракцион жекенің иелігінде. Қазір науқастарға керек ем көрсетіліп жатыр. Тексеріс барысында кәсіпкердің барлық құжатты түгел екені анықталды. Ойын-сауық кезеңі басталмас бұрын экспертизадан өткен. Қазір тексеріс жүргізіп жатырмыз, – деді Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының басшысы Талғат Байтохин.
Оқи отырыңыз: Мегаполисте буллингпен күресуге қандай бағдарламалар бағытталған